08.05.2026 09:04 Мөлдір Қайнар 400 Фото: коллаж caravan.kz

Sajol есімімен танымал блогер Сымбат Қасымова хиджабын шешкенін мәлімдеп, бұл шешімін әлеуметтік желіде ашық түсіндірді, деп хабаплайды  Politico.kz.

Ол Instagram парақшасында видео жариялап, өмірінің жаңа кезеңі басталғанын айтты.

«Өсек аңду, көре алмаушылық пен қараңғылық көп өмірде жарқырап жалындаған от болғым келеді екен. Жаңа кезең», – деп жазды блогер.

Желі қолданушылары бұл өзгеріске қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр. Оқырмандарының «Неге кидің, неге шештің?» деген сұрағына Сымбат Қасымова қысқа әрі нақты жауап берген.

«Қатты кигім келді, кидім. Шешкім келді, шештім. Болды. Оның несі түсініксіз? Біраз уақыттан кейін қайта кигім келсе, тағы да орамалға келемін. Өмір болған соң адам өлгенше өзімен, өз ойларымен күреседі. Бастысы сол күресте жеңілмей, адам болып шығу», – деді Сымбат Қасымова.

Сонымен қатар блогер оқырмандарына батыл болуға кеңес беріп, өмірде қателесуден қорықпау керектігін айтты.

«Қателесуден қорқып өмір сүремін деп, өміріңіздің қалай өтіп кеткенін білмей қалмаңыз. Кейін бойыңыздан күш-қуат кеткенде “Жас кезде неге жасап көрмедім екен?” деп өкінгенде кеш болады», – деп жазды ол.