Фото: Ақорда
11.05.2026
96
Бөлісу Бөлісу
Бөлісу
13-14 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.
“Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді”, – делінген хабарламада.
15 мамыр күні Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады.
Жиында “Жасанды интеллект және цифрлық даму” тақырыбы талқыланады.
Ақорда сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті қарсаңындағы Түркістандағы дайындық барысы түсірілген видеоны бөлісті.