320 Фото: ЖИ көмегімен жасалған
19 жастағы астаналық тұрғын жаңа туған баласын сатпақ болған, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол делдалдар арқылы жүктіліктің сегізінші айында жалған суррогат ана болу туралы шарт жасасқан. Баланы ерлі-зайыпты сатып алмақ болған.
«Сот үкімімен қыз және делдалдар Қылмыстық кодекстің 135-бабы «Кәмелетке толмағандар саудасы» бойынша кінәлі деп танылды. Сотталушылар шартты түрде 8 жылға бас бостандығынан айырылды», – дейді прокуратурадағылар.
Бала кәмелетке толмағандарға арналған мамандандырылған мекемеге орналастырылды. Анасы ата-ана құқынан айырылды.