- Home
- Тоқаев пен Ердоған ресми делегация мүшелерін таныстырды
- Басты тақырып
- Саясат
Тоқаев пен Ердоған ресми делегация мүшелерін таныстырды 2026-05-14 12:4701 mins
Фото: Ақорда
Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия көшбасшысын өзі күтіп алды.
Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің истребителдері Түркия туын бейнелейтін қызыл және ақ түсті жолақтардан із тастап ұшты.
Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.