08.05.2026 10:22 Мөлдір Қайнар Елге ерсі қылықтарымен танылған асабаның отбасында жайсыз жайт орын алды 3202 Фото: коллаж politico.kz

Желіде Хан тамаданың жұбайы ретінде танылған Алма Мырзабекова ауыр қайғыға душар болғанын айтты, деп жазады Politico.kz..

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында сәбиінен айырылып қалғанын хабарлап, жан тебірентерлік жазба жариялады.

Алманың айтуынша, бұл жағдай ана үшін орны толмас қасірет болған. Ол дүниеге келмей жатып жүрегінен орын алған сәбиіне деген сағынышы мен өкінішін жеткізді.

«Әр ана үшін ішіндегі сәбиін жоғалту – сөзбен айтып жеткізе алмайтын ауыр қайғы. Мен оны қолыма ұстап үлгермесем де, жүрегіммен сүйіп үлгердім. Ол менің арманым болды, үмітім болды, жүрегімнің бір бөлшегі болды», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Алма соңғы уақытта болған ауыр жағдайлардың әсері өз денсаулығына ғана емес, іштегі сәбиіне де тигенін меңзеді.

«Соңғы жағдайлардың әсері өзімнен бұрын балама тиді. Алланың ісіне амалым жоқ. Осындай сәтте жанымнан табылған отбасыма рақмет», – деді ол.

Жазба соңында ол өзіне қолдау көрсеткен дәрігерлерге де алғысын білдірген.