12.05.2026 15:08 Мөлдір Қайнар Әнші Luina екінші рет ана атанады 62 Фото: әлеуметтік желі

Танымал қазақстандық әнші Луина екінші сәбиін күтіп жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, әсерлі видео жариялаған.

Видеода әнші алдымен өзінің «Рақмет» әнін орындап, кейін жүкті екенін көрсетеді. Кадрлардан оның жары мен тұңғыш ұлын да көруге болады.

«+1», – деп қысқа жазба қалдырды Луина.

Қуанышты хабардан кейін өнердегі әріптестері мен желі қолданушылары әншіні жарыса құттықтап, ана мен сәбиге амандық тілеп жатыр.