Фото: ТЖМ
12.05.2026
343
Бөлісу Бөлісу
Бөлісу
Өскемен қаласында «Қазцинк» ЖШС-дағы жарылыстан зардап шеккен жұмысшылардың бірі ауруханада көз жұмды.
Бұл туралы «Қазцинк» компаниясынан мәлім етті.
– Жазатайым оқиға салдарынан ауыр жарақат алған қызметкерлердің бірі бүгін түнде ауруханада көз жұмғанын терең күйзеліспен хабарлаймыз.
Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Компания қаза болған қызметкердің отбасына қажетті қолдау көрсетіп жатыр, – делінген хабарламада.
Бүгінде өндірістік алаңда апат салдарын жою жұмыстары мен мемлекеттік органдармен бірлескен тергеу жалғасып жатыр.
– Қазіргі уақытта Өскемен металлургиялық кешені мырыш және қорғасын зауыттарындағы өндірістік қуатты уақытша төмендетіп жұмыс істеуде, – делінген ақпаратта.