Үсік жүреді - алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

12.05.2026

25

Бөлісу Бөлісу

Бөлісу

“Қазгидромет” алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамымен бөлісті.   Синоптиктердің мәліметінше, Скандинавия аймақтарынан келген антициклон Казахстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне себеп болды.   “Суық ауа массаларымен толығып отырған бұл антициклон алдағы күндері де өз ықпалын сақтап, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасының нөлден төмен болуына әсер етеді”, – деп жазылған хабарламада.   Антициклон ел аумағы арқылы жылжыған сайын, 13 мамыр түні оңтүстік-шығыс өңірлерде де үсік жүруі күтіледі.