1247 Фото: ЖИ көмегімен жасалған
Балаларын аяусыз соққыға жығып, бірінің аузын шанышқымен күйдірген ана сот алдында жауап берді , деп хабарлайды Politico.kz Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Басты сот талқылауында дәлелдер мен дәйектердің бейнематериалы көрсетілді. Яғни, тергеу соты балалардан жауап алып, сол уақыттағы жағымсыз жайттарды сұрап білді.
Балалар анасының, ұрып-соққанын, шанышқыны қыздырып басқанын, үтікпен күйдіргенін және өзен суына қыстың күні салғанын айтып берген. Мұндай қатігездікті анасы да сот залында растады.
Сотталушы ана, кінәсін мойындап өкінетінін жеткізді.
«Тергеу кезінде берген жауабыңызды растайсыз ба? Ашуға бой алдырып, шанышқыны газға қыздырып, Махмұдтың аузын күйдіргеніңіз көрсетілген. Сондай-ақ Махмудтың темекі шеккенін көрген соң үтікті қыздырып, оның беті, бөксесі мен ішін күйдіргеніңізді айтқансыз. Мұны растайсыз ба?», – деп сұрады сотта судья.
Әйел растайтынын айтып жауап берді.
Естеріңізге сала кетейік, жантүршігерлік оқиға жыл басында болған еді. Туған анасы бауыр еті балаларына ауыр дене жарқаттарын салған.
Туыстарының айтуынша, 10 және 8 жастағы балаларға анасының көрсетпеген қорлығы жоқ. Тіпті, 5-сынып оқитын қызының шашын да қидалап тастаған. Қазіргі таңда барлық балалар мемлекеттің қарауында.