• Home
  • Сүйекке қақалу: Ақтауда мерекені табиғат аясында атап өтпек болған мектеп қызметкері көз жұмды
  • Қоғам

Сүйекке қақалу: Ақтауда мерекені табиғат аясында атап өтпек болған мектеп қызметкері көз жұмды 01 mins

Маңғыстау облысында 10 мамыр күні табиғат аясындағы корпоративтік демалыс кезінде 56 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы.

Ақтаудағы мектептердің бірінің ұжымы Жармыш ауылы маңындағы Аралбай сарқырамасына серуенге шыққан. Дастарқан басында ер адам кәуаптың сүйегіне қақалып, оқиға орнында көз жұмған. Оған дер кезінде көмек көрсету мүмкін болмаған.

Mangystautv.kz сайтының мәліметінше, Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адамның қаза тапқанын растады.

Фото: massaget.kz