• Home
  • Көкшетауда оқушылар мінген паром көл ортасында сынып қалған
  • Басты тақырып

Көкшетауда оқушылар мінген паром көл ортасында сынып қалған 01 mins

Көкшетауда Қопа көлінің акваториясын патрульдеу кезінде құтқарушылар техникалық ақауы бар паромды байқаған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ТЖМ-нің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Жолаушылары бар кеме жағалаудан 700 метр қашықтықта тұрған. Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері дереу құтқару жұмыстарына кірісті.

Құтқарушылар 25 адамды, оның ішінде 10 баланы жағаға аман-есен жеткізді. Эвакуацияланғандарға медициналық көмек қажет болмаған.

Фото: ТЖД