Фото: видеодан скрин
12.05.2026
12
Бөлісу Бөлісу
Бөлісу
Көкшетауда жалғызбасты ананың өліміне әкелген жол апатына қатысты тың деректер белгілі болды. Көлік тізгіндеген әйелдің жүргізуші куәлігі болмаған және ол көлік жүргізу курстарынан да өтпеген, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 52 жастағы әйелдің қазасына байланысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта көлікті басқарған әйелге қатысты адам өліміне соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеу барысында оның көлік жүргізуге заңды құқығы болмағаны анықталған.
Сонымен қатар, көлік иесі болып табылатын оның жұбайына да заңсыз түрде рөлге отырғызғаны үшін қылмыстық іс тіркелді. Аталған бап бойынша бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
11 мамырда Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдікті әйелге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.
Полиция өкілдерінің айтуынша, аталған істің тергелуі облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.