• Home
  • Казцинктегі жарылыс: қаза тапқандардың саны артты
  • Жаңалықтар

Казцинктегі жарылыс: қаза тапқандардың саны артты 01 mins

Фото: Pixabay

Өскемен қаласында «Қазцинк» ЖШС-дағы жарылыстан зардап шеккен жұмысшылардың бірі ауруханада көз жұмды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Бұл туралы «Қазцинк» компаниясынан мәлім етті.

— Жазатайым оқиға салдарынан ауыр жарақат алған қызметкерлердің бірі бүгін түнде ауруханада көз жұмғанын терең күйзеліспен хабарлаймыз.

Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Компания қаза болған қызметкердің отбасына қажетті қолдау көрсетіп жатыр, — делінген хабарламада.

Бүгінде өндірістік алаңда апат салдарын жою жұмыстары мен мемлекеттік органдармен бірлескен тергеу жалғасып жатыр.

— Қазіргі уақытта Өскемен металлургиялық кешені мырыш және қорғасын зауыттарындағы өндірістік қуатты уақытша төмендетіп жұмыс істеуде, — делінген ақпаратта.

Еске салсақ, бұған дейін Өскемендегі кәсіпорында жарылыс болғаны хабарланған. Соның салдарынан екі адам қаза болып, бесеуі зардап шекті.