Фото: Facebook / Ботагоз Омарова
22.05.2026
359
Бөлісу Бөлісу
Бөлісу
Қазақстандық журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Полиция мәліметінше, Ботагөз Омарова үйқамақтан босатылған.
“Астана Полиция департаменті Б. Омароваға қатысты қылмыстық істі тараптардың татуласуына байланысты ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатты. Бұлтартпау шарасының күші жойылды. Процессуалдық шешімді прокурор бекітті”, – деп түсініктеме берді Астана Полиция департаменті.
Күні кеше Омарова өзінің Telegram-арнасында жазба жариялап, онда көрінеу жалған мәлімет таратқанын растап, кінәсін мойындап, өкініш білдірді. Журналист өз аудиториясынан және жарияланымдарымен жаңылыстыруы мүмкін болған тұлғалардан кешірім сұрады.