Далаға тасталған сәби: Ақтөбе сақшылары безбүйрек ананы іздеп жатыр

25.05.2026

291

Бөлісу Бөлісу

Бөлісу

Ақтөбеде тосын оқиға тіркелді. Жиырма үшінші мамыр күні табылған белгісіз пакеттің ішінен жаңа туған шарана шықты деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Тәртіп сақшылары сәбиді дереу емдеу мекемесіне апарған. Қазіргі таңда бейкүнә перзент ауруханада жатыр.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі арнайы жедел шаралар қолға алынғанын мәлімдеді. Құқық қорғаушылар өз баласын далаға тастаған ананы іздестіру үстінде.