"Батыр елі үшін туады": Қазақстанда бірқатар азаматқа жаңа сыныптық шен берілді

06.05.2026

158

Бөлісу Бөлісу

Бөлісу

Қазақстанда күштік құрылым қызметкерлеріне жаңа әскери атақ пен сыныптық шен берілді. Бұған қоса біртоп азамат жоғары мемлекеттік наградамен марапатталды. Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Нағыз патриот азамат үшін бұдан асқан мәртебе жоқ. Күштік құрылым қызметкерлерінің күнделікті табанды еңбегі ел үшін жасалған ерлік екені сөзсіз. Сіздер әрқайсыңыз сертке берік болып, Отан алдындағы міндеттеріңізді мінсіз орындап жүрсіздер. Мен Мемлекет басшысы және Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Бүгін сіздерге әскери атақ пен сыныптық шен беру туралы тиісті Жарлыққа қол қойдым. Бұған қоса бірқатар азаматты жоғары мемлекеттік наградамен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Баршаңызға құтты болсын! Өскелең ұрпақ сіздерге қарап бой түзейді, туған елге адал болуды үйренеді. Сіздер жастарға үлгі болып, жол көрсетіп, әрдайым ұлт мүддесіне қызмет ете бересіздер деп сенемін. Айбынды армиямыздың абыройы арта берсін! – деді Президент.