- Home
- Азия чемпионаты: Отандық балуандар төрт медаль еншіледі
- Спорт
Азия чемпионаты: Отандық балуандар төрт медаль еншіледі 2026-05-26 10:5401 mins
Фото: United World Wrestling
Қазақстан құрамасы күрестен Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы төрт медаль еншіледі, деп хабарлайды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Кезекті жарыс күнінде еркін және әйелдер күресінің балуандары бозкілемге шықты.
Майис Алиев (70 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алды.
Ал Еламан Амангелді (57 келіге дейін), Алтын Шағаева (57 келіге дейін), Тыныс Дүбек (62 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды.
Осылайша, ұлттық құрама еншісінде 16 медаль бар. Оның төртеуі алтын, сегізі күміс және төртеуі қола жүлде.